Южно-Казахстанский областной суд

 

 
 

Навигация

Блог председателя


Авторизация

Логин
Пароль
Парольды ұмытып қалдыңыз ба? Тіркеу

Справочник

Статистика

Бүгін сайтқа кірушілер: 3
Осы айда: 6238
Жалпы: 88342
Басты бет
Құрметті сайттың пайдаланушылары!

 А. РахметулинДемократиялық қоғамда жариялылық бірінші орында тұруы керектігін бәріміз де білеміз. Оның үстіне тәуелсіз саналатын сот жүйесінде ашықтық пен жариялылықтың барынша салтанат құруы – Елбасы саясатының негізгі ұстанымдарының біріне айналды. Осы саясатты жандандыру, халыққа жақындай түсу мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылуда.

Халық пен биліктің арасындағы алтын көпір қызметін атқаратын БАҚ арқылы сот жүйесінде орын алып отырған жақсы жаңалықтар, кездескен келеңсіздіктер, талқыға салатын маңызды тақырыптар оқырмандар мен көрермендер назарына жиі ұсынылып келеді. Енді, міне, халықпен байланысты одан сайын күшейту, ашықтық саясатының аясын кеңейту мақсатында Веб-сайт ашып отырмыз. Осы сайт арқылы кез-келген азаматпен тікелей байланысқа түсіп, мұң-мұқтажымен бөлісіп, ой-пікір алмасуға мүмкіндік арта түсетіні сөзсіз.

Жаңадан ашылған сайт арқылы азаматтар сот саласына қатысты кез-келген мағлұматқа ие бола алады. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының, сот төрелігінің тарихымен, қазіргі тыныс-тіршілігімен танысқысы келген азаматтар үшін Веб-сайтымыз қалтқысыз қызмет ете алады. Сондай-ақ, облыс аумағында орын алып отырған түрлі оқиғалардың мән-жайынан да хабардар бола аласыздар. 
Дамыған, демократиялық елдерге тән электронды байланыс арқылы кездескен кемшіліктерді түзеп, жақсы бастамаларымызды көпшілікпен бөлісіп отыратын боламыз. Үкімет қолдауына ие элекронды байланыс халық игілігі үшін жұмыс істейді.

 

Құрметпен,
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы
А. Рахметулин